Accessibility links

Аян мен Боқаев сотында аударма жасау өтініші қанағаттандырылмады


Белсенділер Макс Боқаев (сол жақта) пен Талғат Аян сот залында отыр. Атырау, 18 қазан 2016 жыл.
Белсенділер Макс Боқаев (сол жақта) пен Талғат Аян сот залында отыр. Атырау, 18 қазан 2016 жыл.

Атырауда бүгін белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісі бойынша сот одан ары жалғасты. Бүгінгі сот тыңдауына Боқаев пен Аянды абақтыдан кісенмен жеткізді.

Сот тыңдауы басталғанда сотталушылардың адвокаты Жанар Боқаева қылмыстық іс материалдары толық әрі дұрыс аударылмаған деген шағымын тағы қайталап білдіріп, аударма жасаған фирманы куәлікке шақыруды сұрады. Судья Гүлнәр Дәулешова бұл талап-арызды қанағаттандырмады.

- Заңды тұлға соттың 72 том материалын аударғанымен, сапасы нашар. Біз материалда жоқ құжаттарды да аударуды сұрағанбыз, ол әлі аударылмаған. Бүгін жауап алынуы тиіс Жанат Досқалиев, Арман Баженовтің жауаптарының аудармасы жоқ, - деді Жанар Боқаева.

Адвокаттар сонымен қатар сотталушыларға куәлердің жауаптарымен танысуға мүмкіндік берілмегенін айтты. Талғат Аян олардың сөзін қолдап, аудио және видео материалдардың барлығымен бірдей танысуға мүмкіндік берілмегенін айтты.

Прокурор Құрмет Сыздықов материалды тыңдау кезінде аудармашы аударатынын, ал сотталушыларға аудармамен танысу үшін уақыт берілгенін айтты. Ал прокурор Марат Хабибуллин Макс Боқаевтың өзі материалдармен танысудан бас тартқанын айтты.

Боқаев пен Аян Атырауда сәуірдің соңында жер реформасына қарсы өткен митингіден соң ұсталып, "заңсыз митинг өткізді" және "әлеуметтік араздық тудырды" деп айыпталған. Белсенділерге қарсы сот 12 қазанда басталған.

XS
SM
MD
LG