Accessibility links

Қырғызстанда қазақстандық препаратты сынау кезінде екі адам көз жұмды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанда қазақстандық туберкулезге қарсы дәрілік препаратты клиникада сынақтан өткізу салдарынан екі адам көз жұмды деп хабарлады 24 қазанда Қырғызстанның бас прокуратурасы.

Прокуратура сайтында жарияланған ақпаратта FS-1 препаратын 54 науқасқа қолданып көру кезінде препарат олардың 10-ына жанама әсер еткені, екі адам қайтыс болғаны айтылады.

Прокуратураның мәліметіне қарағанда, Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ұлттық фтизиатр орталығы қазақстандық «Ұлттық инфекцияға қарсы препараттар орталығы» компаниясымен FS-1 препаратын тиісті аккредитациядан өткізбей клиникалық сынақтан өткізуге келісім жасасқан.

Қазір Қырғызстан Ұлттық фтизиатр орталығы мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық техника департаментінің лауазымды қызметкерлері заңсыз клиникалық сынақ жасады деп айыпталып отыр. Оларға «қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды» және «қызмет бабында жалған құжат жасады» деп айып тағылған.

XS
SM
MD
LG