Accessibility links

Атамбаев АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасарымен кездесті


Алмазбек Атамбаев (сол жақта) АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Шэннонмен (сол жақтан екінші) кездесіп тұр. Бішкек, 27 қазан 2016 жыл.
Алмазбек Атамбаев (сол жақта) АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Шэннонмен (сол жақтан екінші) кездесіп тұр. Бішкек, 27 қазан 2016 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бүгін Бішкекте АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер бойынша орынбасары Томас Шэннонмен кездесті. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, кездесуде қырғыз-америка қарым-қатынасының мәселелері талқыланған.

Кездесуге сонымен қатар АҚШ мемлекеттік хатшысының Орталық Азия бойынша кеңесшісі Дэн Розенблюм мен елші Шейла Гуолтни де қатысқан. Жоспар бойынша, Шэннон Атамбаевпен кездесуден соң үкімет шенеуніктерімен, депутаттармен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі. Бұдан соң ол 1916 жылғы көтерілісте қаза тапқандарға орнатылған мемориалға барады.

Томас Шэннон Бішкекке сапарынан бұрын Астанада болған. Бішкектен соң ол Ташкент пен Самарқанға барады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің мәліметі бойынша, Томас Шэннон Орталық Азия елдеріне аталған мемлекеттердің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуына орай сапарлаған. Сапар барысында С5+1 аясындағы ынтымақтастық мәселелері де талқылануы мүмкін.

XS
SM
MD
LG