Accessibility links

Бағдадта жарылыстан бірнеше адам мерт болды


Бағдадтың Хуррия ауданында бұған дейін болған жарылыстардың бірінен кейінгі көрініс, Ирак.
Бағдадтың Хуррия ауданында бұған дейін болған жарылыстардың бірінен кейінгі көрініс, Ирак.

Ирак астанасы Бағдадта 30 қазанда мина жасырылған көлік жарылып, кем дегенде сегіз адам қаза тапты. Жарылыстан тағы 30-дан астам адам жараланған. Бағдадтың Хуррия ауданындағы сауда орындары орналасқан көшеде болған жарылыс Ирак әскері "Ислам мемлекті" экстремистік ұйымы басып алған Мосулды азат ету операциясын жүргізіп жатқан тұста болып отыр.

Әзірге жарылысты кім жасағаны және көлікте жанкештінің болған, я болмағаны белгісіз болып тұр.

XS
SM
MD
LG