Қарағандыда бүгін Балқаш қаласында терроризм күдігімен ұсталғандардың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Маусымның соңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) күдіктілер Қарағанды облысындағы Ресейдің әскери бөліміне шабуылдамақ болған деп мәлімдеген.
Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, сегіз адамға "террористік топ құрды, басшылық етті немесе оның қызметіне қатысты", "қару-жарақ немесе жарылғыш заттарды заңсыз иеленді, сақтады немесе тасымалдады" деген айыптар тағылған. Алдын ала тыңдауда адвокаттар процессуалдық келісім жасау мүмкіндіктерін қарау туралы мәлімдеген.
29 маусымда ҰҚК Балқаш қаласы мен Гүлшат елді мекенінде "қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен террорлық акт жасамақ болды" делінген, құрамында жеті адам бар топтың ұсталғанын хабарлаған еді. Гүлшаттағы "радикалды топты" ұстау барысында олардың бірі өзін-өзі жарып, жарақаты салдарынан өлді деп хабарланған.
Күдіктілердің ісін Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында қаралып жатыр. Процеске судья Қайрат Қасымов төрағалық етіп жатыр. Негізгі сот тыңдауы 15 қарашаға белгіленген. Тыңдау жабық түрде өтеді.