Accessibility links

Ирак премьері ИМ-нен Мосулды қайтаруды талап етті


Мосулға қарай жылжып бара жатқан Ирак әскері мен техникасы. 31 қазан 2016 жыл.
Мосулға қарай жылжып бара жатқан Ирак әскері мен техникасы. 31 қазан 2016 жыл.

Ирак премьер-министрі Хайдер Абади "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырларын Мосул қаласын үкімет әскеріне тапсыруға шақырды. Абадидің талабы ол Мосулдың оңтүстігіндегі әскери базаға барғанында жазылып, теледидардан көрсетілді.

"Егер Алла қаласа, айдаһардың да басын қағамыз. Олардың жасырынуға мүмкіншілігі жоқ. Олар я берілуі, я өлуі тиіс" деді Абади ИМ-ге қарата сөйлеп.

Ирак үкіметінің әскері Мосулдың шығыс жағындағы ИМ-нің қорғаныс шебін бұзды. Мосулдың айналасындағы территориялардан содырларды ығыстыру операцияларының жүріп жатқанына екі аптадан асты. Бұған дейін Ирактың әскери қолбасшылығы Мосул үшін шайқас бірнеше апта, тіпті айларға созылуы мүмкін екенін ескерткен.

Мосулды ИМ содырлары 2014 жылы басып алған.

XS
SM
MD
LG