Accessibility links

Ақтөбе аумағында жол апатына ұшыраған қырғызстандықтар жолға қайта шықты


Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облысының территориясында жол апатына ұшыраған Қырғызстан азаматтары мінген Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы бүгін Ресейге қайта жолға шықты. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Департамент дерегіне қарағанда, автобус салонында 17 жолаушы болған. Олардың барлығы - Қырғыстан азаматтары.

"Қырғызстандық гастарбайтерлердің автобусы аударылып қалғаны туралы хабар бізге 31 қазан күні 23 сағат 10 минутта келіп түсті. Оқиға "Самара-Шымкент" жолының 919-километрінде Белқопа ауылына жақын маңда болған. Жол апатынан 1987 жылы туған екі қырғызстандық жеңіл жарақат алды. Оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді" деп хабарлайды Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, автобусын жөндеп алған қырғызстандықтар 1 қараша күні түске таман сапарларын жалғастырған. Жол апатынан жеңіл жарақат алған екі жолаушы да отандастарымен бірге Ресейге бара жатыр.

XS
SM
MD
LG