Accessibility links

Пентагон: "Әл-Қаиданың" Батысқа шабуыл жоспарлаған жетекшісінің көзін жойдық


Идлиб провинциясындағы үкіметке қарсы шеруде демонстранттар "Әл-Қаида" туын (ортада) ұстап жүр. Сирия, наурыз 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Идлиб провинциясындағы үкіметке қарсы шеруде демонстранттар "Әл-Қаида" туын (ортада) ұстап жүр. Сирия, наурыз 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Пентагон 2 қарашада Сирияда "Әл-Қаиданың" жоғары шенді басшыларының бірі, Усама бен Ладенмен байланысы болған Хайдар Кирканның ұшқышсыз басқарылатын ұшақ шабуылынан көзі жойылғанын хабарлады. Пентагонның ресми өкілі Джэфф Дэвистің мәлімдеуінше, "Батыс елдеріне қарсы террорлық шабуылдар жасауды жоспарлаған" Киркан 17 қазанда Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб қаласының маңында мерт болған.

"Ол "Әл-Қаиданың" Сириядағы бұрыннан қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі курьері және "Әл-Қаиданың" Сирияда отырып шетелдерде шабуыл жасауды жоспарлайтын жетекші өкілі болған" деді Дэвис.

Соңғы апталарда Пентагон "Әл-Қаиданың" бірнеше жетекшісінің көзін жойғанын мәлімдеген. Олардың арасында ұйымның Ауғанстандағы жоғары шенді екі командирі, Араб түбегі елдеріндегі бес өкілі, оның ішінде Йемендегі жетекшісі бар.

"Әл-Қаида" Батысқа қарсы террористік шабуылдар ұйымдастырып, жасағанда шекара таңдамайды. Біз серіктерімізбен бірге олардың шетелдерде шабуылдар жасауды жоспарлайтын жетекшілерін, содырлары мен бөлімдерін тауып, көзін жою жұмысымызды жалғастыра береміз" деді Джэфф Дэвис.

XS
SM
MD
LG