Accessibility links

Украина мобилизациядан бас тартып, кәсіби армия құрмақ


Украина сарбаздары мен әскери техникасы (Көрнекі сурет).
Украина сарбаздары мен әскери техникасы (Көрнекі сурет).

Украина 2014 жылы елдің шығысында қарулы қақтығыс басталғаннан бері бірінші рет Ресей қолдайтын сепаратистермен соғысатын сарбаздарды мобилизацияламайтын болды. Бұл туралы 2 қарашада Украина президенті Петр Порошенко мәлімдеді. Оның мәлімдемесі Киевтің НАТО талаптарына сай келетін кәсіби армия құруға кіріскенін байқатады.

"Украина қарулы күштері жақсы дайындықтан өткен, жаттыққан, ерік-жігері бар және жақсы қаруланған еріктілер мен келісім-шарт арқылы қызмет ететін әскерилерден жасақталуы тиіс" деді Порошенко.

Украина 2014 жылы Донбаста қақтығыс басталғанда мобилизация жүргізген. Бұдан соң Украина қарулы күштеріндегі ең әлсіз топ - жаппай мобилизация арқылы әскерге алынған сарбаздар деп санала бастаған.

Украина армиясында ерікті сарбаздар мен келісім-шарт арқылы қызмет ететін әскерилер де бар. Олардың әскери дайындығы күшті, сұсты саналғанымен, адам құқығын көп бұзады деп жиі сынға қалады.

Украина Бас штабының бастығы Виктор Муженко осы уақытқа дейін Украина армиясына 90 мыңға тарта кәсіби сарбаз алынғанын айтады.

Киев Донбаста жақсы қаруланған 40 мың сепаратист пен оларды қолдайтын 6 мың Ресей әскері бар дейді.

Ресейшіл сепаратистер қанша әскері барын ешқашан жариялаған емес және Мәскеуден көмек берілетінін жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG