Accessibility links

Душанбе қос азаматтығы барлардың арнайы қызметте жұмыс істеуіне тыйым салмақ


Мансуржон Умаров, Тәжікстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
Мансуржон Умаров, Тәжікстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы заңға арнайы қызметте қос азаматтығы бар адамдардың жұмыс істеуіне тыйым салатын түзөетуді мақұлдады. 2 қарашада заң жобасын парламентте таныстырған Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Мансуржон Умаров заңға мұндай өзгеріс мемлекеттік құпияны қорғау үшін енгізілетінін айтты.

Заң жобасы күшіне ену үшін оны парламенттің жоғары палатасы мақұлдап, президент қол қоюы тиіс. Тәжікстанның қауіпсіздік органдарында бұған дейін өзге елдің де азаматтығы бар тәжікстандықтардың қызмет еткені әзірге белгісіз.

Тәжікстандағы қос азаматтығы бар азаматтардың көпшілігі Ресей паспортына ие.

XS
SM
MD
LG