Accessibility links

Ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің басшысы 2 айға қамалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өткен аптада "пара алды" деген күдікпен ұсталған ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов 2 айға қамалды. Хасеновті қамауға санкцияны Астана соты берген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ұйғарымынша, Хасенов пен оның сенімді өкілі Украинадан Қазақстанға бір мың тонна құс етін "кедергісіз өткізуге рұқсат беру үшін пара алып отырған". Бюро Хасенов бұл үшін "сыйлық" ретінде 37 миллион теңге (107 мың доллары) алған дейді.

56 жастағы Сақташ Хасенов 2015 жылдың маусым айынан бері ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетін басқарып келген. Ол 2005-2006 және 2010-2011 жылдары ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG