Михаил Саакашвили Украинаның Одесса облысының губернаторы қызметінен отставкаға кетті. Саакашвили бұл қызметті өткен жылдың мамырынан бері атқарған. Саясаткер 7 қарашада өткізген баспасөз конференциясында отставкаға аймақтағы коррупциямен күресу мүмкін болмағандықтан кеткенін мәлімдеді. Ол Украина билігі өкілдерін коррупцияға қатысы бар деп айыптап, президент Петр Порошенконы аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа ұрынған кландарды қолдап отыр деп айыптады.
Саакашвили отставкасын "күрестің жаңа кезеңі" деп атады. Ол Украинадағы коррупциямен күресті "жас әрі шыншыл күшпен" жалғастыратынын айтты. "Біз Одессаны міндетті түрде көтереміз. Бірақ бұл үшін Киевті коррупционерлерден тазалау керек" деді ол.
48 жастағы Саакашвили 2004 жылдың басынан 2007 жылдың соңына дейін Грузия президенті болған. Петр Порошенко 2015 жылы көктемде Саакашвилиге Одесса облысына губернатор болу үшін Украина азаматтығын берген.