Accessibility links

Интерфакс: Ресейлік крейсердегі ұшақтар Алеппоны атқыламақ


"Адмирал Кузнецов" авиатасығыш крейсері.
"Адмирал Кузнецов" авиатасығыш крейсері.

Ресейдің Жерорта теңізінде жүрген "Адмирал Кузнецов" авиатасығыш крейсері ұшақтары және әскери-теңіз флоты кемелері таяу сағаттарда Алеппо маңындағы содырларға соққы бермек деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігіндегі дереккөзіне сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі.

Министрлік тарапынан ресми мәлімдеме айтылған жоқ.

Жерорта теңізінде Ресейдің "Адмирал Кузнецов" авиатасығыш крейсері, "Петр Великий" атом зымыранды крейсері, "Североморск", "Вице-адмирал Кулаков" кемелері және"Адмирал Григорович" фрегаты жүр.

Ресей Сириядағы Алеппо қаласын көктен және судан атқыламақ деген ақпарат қазанның соңында айтылған.

XS
SM
MD
LG