АҚШ-тағы президент сайлауында республикашылдар партиясынан кандидат Дональд Трамп - Индиана мен Кентукки штаттарында, ал демократиялық партиядан үміткер Хиллари Клинтон Вермонтта жеңген болуы ықтимал деп хабарлайды АР агенттігі.
Вирджиния, Джорджия, Оңтүстік Каролина мен Флорида штаттарында дауыс әлі саналып жатыр.
АҚШ-та өтіп жатқан президент сайлауында120-140 миллиондай адам дауыс беруі тиіс болған.
АҚШ-тағы бұл жалпыхалықтық сайлауда елдің президенті мен вице-президенті, 100 сенатордың 34-і, 12 штат пен екі аумақтың (Пуэрто-Рико мен Америкалық Самоа) губернаторлары, 15 ірі қаланың мэрлері сайланды.