Accessibility links

АҚШ сайлауында әзірше Трамп алда келеді


Сайлау нәтижесін күткен жұрт. Нью-Йорк, 8 қараша 2016 жыл.
Сайлау нәтижесін күткен жұрт. Нью-Йорк, 8 қараша 2016 жыл.

АҚШ-тың бірнеше штатында сайлау учаскелері жабылып, алдын ала қорытындылары шыға бастады. Қазіргі мәліметке қарағанда, республикашылдар өкілі Дональд Трамп - 66 дауыс, демократиялық партия өкілі Хиллари Клинтон - 48 дауыс алған.

Дональд Трамп - Оклахома, Индиана, Кентукки, Теннеси, Алабама, Оңтүстік Каролина, Батыс Вирджиния штаттарында, ал Хиллари Клинтон - Вермонт, Мэриленд, Дэлавер, Массачусетс, Нью-Джерси, Род-Айленд штаттарында және Колумбия округінде озып шыққан.

Бірақ Трамп жеңген штаттар шешуші емес екенін айтқан сарапшылар сайлаушылары мен сайлаушылар алқасы мүшесі көп штаттарда берілген дауыс нәтижесін күту керек деседі.

Америкалықтар әр штаттың халқының санына байланысты құрылған сайлаушылар алқасы арқылы дауыс береді. Үміткер президент болу үшін сайлаушылар алқасындағы 538 дауыстың кемінде 270-ін алуы керек.

XS
SM
MD
LG