Халықаралық қылмыстық полиция - Интерполдың вице-президенті болып бірінші рет Ресей өкілі, генерал-майор Александр Прокопчук сайланды. Бұл туралы ұйымның Twitter-дегі парақшасында хабарланды.
Интерпол ассамблеясы Индонезияның Бали аралында өтіп жатыр. 10 қарашада ұйымның жаңа атқару комитетінің мүшелеріне сайлау өткен. Интерполдың жаңа президенті болып Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрінің орынбасары Мэн Хунвэй сайланды.
Түрлі мемлекеттердің құқық қорғау органдарының күшін біріктіру үшін құрылған Интерполға қазір 190 мемлекет қосылған. Ресей Интерполға 1990 жылы СССР-дің заңды мұрагері ретінде кірген.