Алматыда бүгін Орталық мешіт жанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен халал өнімдер жәрмеңкесі ашылды.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Орталық мешіт алдындағы ашық алаңда ашылған жәрмеңкеге қазақстандық және шетелдік 30-ға тарта кәсіпорын мен компанияның өнімдері қойылған.
Жәрмеңкені ҚМДБ жанынан 2014 жылы ашылған стандарттау бөлімі ұйымдастырған. Бұл бөлім осы кезге дейін 70 шақты компанияға халал сертификатын тапсырған.
Жәрмеңкенің ашылуында ҚМДБ төрағасы, бас мүфтий Ержан қажы Малғажыұлы сөйлеп, ҚМДБ болашақта дүниежүзілік халал өнімдер сертификатына ие болып, Қазақстанның халал өнімдерін әлемдік деңгейге шығару жоспары барын айтты.
Жәрмеңке 12 қарашаға дейін өтеді.