Accessibility links

Қырғыз арнайы қызметі Атамбаевқа сес көрсеткен желі қолданушысын анықтап жатыр


Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.
Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.

"Қырғызстан арнайы қызметі ел президенті Алмазбек Атамбаевты жазалайтынын айтып, сес көрсеткен Twitter қолданушысының кім екенін анықтап жатыр" деп хабарлады Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі Рахат Сулайманов.

Оның айтуына қарағанда, ақпарат нақтыланып, тексеріледі және жазбаны жариялаған адамның кім екені анықталады.

Twitter-де "Муслим" деген атпен тіркелген қолданушы парақшасында бірнеше жазба жариялаған. Ол жазбалардың бірінде "Қырғызстан президентін өлтіретінін" айтқан. Ал басқа жазбаларында Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан және Қырғызстанды "мұсылмандарды өлтіріп жатыр" деп айыптайды.

Twitter қолданушысы тұратын жерін Сирия деп көрсеткен.

XS
SM
MD
LG