Қазақстан бас прокуратурасы бүгін Болгариядан халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматының экстрадициялағанын хабарлады. Прокуратураның мәліметінше, 42 жастағы әйел аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Күдіктінің аты-жөні айтылмайды.
Ішкі істер департаменті әйелге көлік бизнесінде алаяқтық ісі бойынша іздеу жариялаған. Прокуратураның дерегіне қарағанда, күдікті 2007-2010 жылдары "АҚШ-тан көлік жеткізіп беремін деп алдау арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, қаржысын заңсыз иеленген".
Ресми ақпаратқа қарағанда, Болгариядан жеткізілген күдікті Астанадағы тергеу абақтысына жабылған.