Accessibility links

Ресей LinkedIn желісін бұғаттады


Ұялы телефондағы LinkedIn әлеуметтік желісінің қосымшасы (Көрнекі сурет).
Ұялы телефондағы LinkedIn әлеуметтік желісінің қосымшасы (Көрнекі сурет).

Ресей федералдық байланыс, ақпараттық технология және коммуникация саласына бақылау жасау қызметі (Роскомнадзор) байланыс операторларынан сот шешімі бойынша LinkedIn әлеуметік желісін бұғаттауды талап етті. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

10 қарашада Мәскеу қалалық соты Мәскеудің Таганск аудандық сотының бос жұмыс орнын іздейтін LinkedIn әлеуметтік желісін бұғаттау туралы тамызда шығарған шешімін заңды деп тапқан. Бұған дейін Роскомнадзор LinkedIn-ді ресейліктердің дербес мәліметтерді Ресей территориясында ғана сақтауға міндеттейтін заңды бұзды деп бұғаттайтынын мәлімдеген. Ведомство LinkedIn 2010 жылдан бері дербес мәліметтердің жариялануына байланысты дауға қалғандықтан ресейлік қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек болғанын айтады. 19 қазанда компания бұған дейін Чехияда ұсталған Ресей азаматы 2012 жылы осы әлеуметтік желіге хакерлік шабуыл жасауға қатысты болғанын хабарлаған.

LinkedIn - бос жұмыс орнын іздеп, іскерлік байланыс орнатуға арналған әлеуметтік желі. Қазір әлеуметтік желіде 200 мемлекеттен 150 саланың өкілі ретінде тіркелген 400 миллионнан астам қолданушы бар.

XS
SM
MD
LG