Accessibility links

Қазақстанның төрт облысында қатты аяздан сабақ тоқтатылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанның бірқатар аймақтарында аяздың күшеюінен қарашаның 19-ы күні мектеп оқушылары мен колледжердің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылды. Бұл туралы dixinews.kz сайты хабарлады.

Астана, Қарағанды, Қостанай қалаларында 1-9 мектеп оқушыларына, Өскеменде 1-4 сыныптарға, ал Зыряновск пен Көкшетауда 1-11 сынып мектеп оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылған.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, Қазақстанның барлық аймағында аяз күшейген. 19-20 қарашада ауа температурасы кей аймақтарда -30 градусқа дейін және одан да төмендеген.

XS
SM
MD
LG