Accessibility links

АҚШ пен Еуропа Одағы елдері Ресейге қарсы санкциялар мерзімін ұзартпақ


 АҚШ президенті мен Еуропаның жетекші елдері басшыларының кездесуі. Берлин, 18 қараша 2016 жыл.
АҚШ президенті мен Еуропаның жетекші елдері басшыларының кездесуі. Берлин, 18 қараша 2016 жыл.

Берлинде жұма күні өткен кездесуде АҚШ президенті мен Еуропаның жетекші елдерінің басшылары Мәскеу Украинаның шығысындағы жанжалды бейбіт реттеу жөніндегі міндеттемелерін орындағанша Ресейге қарсы салынған санкцияларды соза беруге келісті.

Сонымен бірге АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия және Испания лидерлері ең алдымен Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайды тұрақтандыру, Сирия мен Украинаның шығысындағы қарулы жанжалды саяси реттеуге атсалысу мақсатында НАТО одағын нығайту және трансатлантикалық ынтымақтастықты дамыту қажеттігі жайлы келіскен. Бұл туралы Ақ үй баспасөз қызметі хабарлаған.

Барак Обама президенттік қызмет мерзімі аяқталар алдында Еуропаға соңғы сапарында еуропалық әріптестерін АҚШ-тың одақтастары алдындағы барлық міндеттемелерін жаңадан сайланған мемлекет басшысы Дональд Трамптың орындайтындығына сендіруге тырысқан.

XS
SM
MD
LG