Accessibility links

Аян мен Боқаев сотында жарыссөз басталды


Белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян сотының жарыссөзінде отырған адамдар. Атырау. 21 қараша, 2016 жыл.
Белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян сотының жарыссөзінде отырған адамдар. Атырау. 21 қараша, 2016 жыл.

Атырауда белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның сотында жарыссөз басталды.

Белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян Атырауда биыл сәуірдің 24-і күні үкіметтің жер реформасына қарсы өткен жаппай наразылық шеруінен кейін көп ұзамай тұтқындалған.

Кейіннен ҰҚК жер реформасына қарсы митингілерді шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешов «қаржыландырды» деп мәлімдеді. Қазанның 12-сі күні басталған Атыраудағы сот процесінде «билікті күшпен басып алмақ болды» деп айыпталып, қамауда отырған бизнесмен Төлешов «Талғат Аянға ақша беріп жібергенін» баяндады.

Екі белсендіге қылмыстық кодекс бойынша «әлеуметтік араздық тудыру», «жалған ақпарат тарату» және «митинг өткізу тәртібін бұзу» айыптары тағылған болатын. Айыпталушы Макс Боқаев пен Талғат Аян өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды, куәлер жауабын теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG