Accessibility links

Бозымбаев: Қашағаннан коммерциялық мұнай шығарыла бастады


Қашаған кен орны.
Қашаған кен орны.

Қашаған кен орнынан мұнай өндіру орнында 1 қарашада коммерциялық мұнай шығарылып, оның көлемі тәулігіне 75 мың баррельге дейін жетті. Бұл туралы Мәжілісте өткен үкімет сағатында энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Министр айтуынша, 2016 жылдың 19 қарашасындағы есеп бойынша кен орнында 450 мың тонна мұнай шығарылған. Қазақстан жыл соңына дейін Қашағаннан 1,1 миллион тонна мұнай шығару жоспарланып отыр.

Каспий теңізінің Қазақстан жағында орналасқан Қашаған кенішінің жұмысы 2013 жылдың қыркүйегінде теңізден құрлыққа тартылған құбырдан ақау шыққанына байланысты тоқтатылған еді.

XS
SM
MD
LG