Accessibility links

Паралимпиада комитеті Ресейге қатысты талаптарын жариялады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Халықаралық паралимпиада комитеті (ХПК) Ресей паралимпиада комитетін қайта мүшелікке қабылдау үшін жаңа талаптар жариялады. Ресей ХПК құрамына қайта қабылданғанға дейін әр жыл сайын 250 мың еуро төлеуі тиіс. Комитеттің ресми сайтындағы мәліметке қарағанда, бұл қаржы Ресей паралимпиада атлеттерін қосымша допинг тесттен өткізуге жұмсалады.

Ресейдің ХПК құрамына қашан қабылданатын уақыты белгісіз. Комитет президенті Филипп Крейвен мәлімдеуінше, Ресей барлық талаптарды орындаған кейін ғана IPC құрамына оралады. Егер Ресей бір жыл ішінде ХПК құрамына қабылданса төлем 600 мың еуроға өседі. Бұдан бөлек Ресей ХПК құрамына қабылданғаннан кейін де үш жыл 125 мың еуро төлеуі тиіс.

Ресей паралимпиада құрамасы 2016 жылғы паралимпиада ойындарынан допинг жанжалына байланысты шеттетілген.

XS
SM
MD
LG