Accessibility links

АҚШ: Ресейдің Калининградқа ракеталар орнатуы - қауіпті


"Искандер" ракетасы.
"Искандер" ракетасы.

Ресейдің Калининград облысында С-400 және "Искандер" ракеталарын орнатуы Еуропа үшін қауіпті. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джон Кирби мәлімдеді. Ол Ресейді бұл жоспарынан қайтуға шақырды.

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі Калининград облысына "Искендер" ракеталарын орналастырғанын хабарлаған. Ресми Мәскеу әуе қорғанысын күшейту саясатын жалғастыра беретінін мәлімдеген.

Ресей президенті Владимир Путин өз еліне қауіп төндіретін НАТО объектілері ракеталардың басты нысаны болады деген.

XS
SM
MD
LG