Accessibility links

Түркіменстан президентінің ұлы депутат болып сайланды


Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.
Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың жалғыз ұлы Сердар Бердімұхамедов 20 қарашада өткен сайлауда жеңіске жетіп, Меджлис (парламент) депутаты болып сайланды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасаған Риа Новости ақпарат агенттігі хабарлады.

Жергілікті телеарналарда берілген сюжетте 20 қарашада үш округ бойынша Меджлис депутаттарын сайлау өтіп, Ахал уалаятындағы (облыс) №24 "Душак" сайлау округы бойынша Сердар Бердімұхамедовтың сайланғаны хабарланған. Сайлаудан кейін үш округ бойынша сайланған депутаттарға Орталық сайлау комиссиясы куәлік табыстаған.

Сердар Бердімұхамедов президент жанындағы көмірсутек ресурстарын пайдалану және басқару мемлекеттік агенттігін басқарушылардың құрамында бар. Кей тәуелсіз ақпарат құралдары 2016 жылы оның сыртқы істер министрлігіне де қызметке тұрғанын хабарлады.

Сердар Бердімұхамедов 2014 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Ал 2015 жылы техника ғылымдарының докторы атағын алған.

XS
SM
MD
LG