Сирияның солтүстігінде "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының содырларының шабуылынан үш түрік солдаты мерт болып, жетеуі жарақат алған.
Шабуыл 24 қарашада Сирияның солтүстігіндегі Түркия әскері жүрген Әл-Баб қаласының маңында болған. Жараланған солдаттар шекара маңындағы Килис және Газиентеп провинциясындағы ауруханаларға жеткізілген.
22 қарашада Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған сириялық әскерилер Түркия солдаттарымен бірігіп, Әл-Баб қаласына маңында арнайы операция бастағанын айтқан.