Accessibility links

Түркияда мектеп жатақханасындағы өрттен 12 адам қаза тапты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркияның Адана провинциясында мектептің қыздарға арналған жатақханасында шыққан өрттен 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жараланды. Провинция губернаторы Махмут Демирташтың айтуына қарағанда, құрбандардың біреуі - оқытушы, қалғаны - 11-14 жастағы оқушылар. Губернатор өрт шыққанда жатақханада 34 адам болғанын айтады. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін.

Ресми орындардың мәлімдеуінше, құрбан болғандардың кейбірі өрттен құтылу үшін терезеден секірмек болған. Кейбір ақпарат бойынша, өрт кезінде шығатын есік жабылып қалғандықтан, жоғарғы қабаттарда қалған адамдардың көпшілігі уақытында ғимараттан шығып үлгермеген.

Телеарналарда өрт кезінде түсірілген кадрларда өрт сөндірушілердің үшінші қабатта жүргені көрінеді.

Түркияда өрт көбінесе ғимараттардың ескілігенін, оның ішінде ағаштан салынғандықтан және электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шығады. Бірақ елде мұндай көп адам қаза табатын өрт сирек болады.

XS
SM
MD
LG