Accessibility links

Құқық қорғаушылар Боқаев пен Аянға араша түсті


Азаматтық белсенділер Макс Боқаев (сол жақта) пен Талғат Аян сот залында тұр. Атырау, 28 қараша 2016 жыл
Азаматтық белсенділер Макс Боқаев (сол жақта) пен Талғат Аян сот залында тұр. Атырау, 28 қараша 2016 жыл

Қазақстанның адам құқықтарын қорғау бюросы билікті азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды босатуға шақырды. Екі белсенді Атырауда сәуір айында өткен үкіметтің жер реформасына қарсы митингіден соң ұсталып, түрме жазасына кесілген.

Бюроның мәлімдемесінде "Бұл істің саяси сипаты бар екеніне шәк келтірмейміз" деп жазылған.

Боқаев пен Аянды 28 қараша күні Атырау соты бес жыл түрме жазасына кескен. Оларға "әлеуметтік араздық тудырды, заңсыз жиын өткізуге шақырды" деген айып тағылған.

Адам құқықтарын қорғау бюросы соттың екі белсендіге таққан айыптарында "негіз жоқ" деп санайды.

Макс Боқаев пен Талғат Аян биылғы сәуірде Атырауда болған жер мәселесі бойынша митингіге қатысқан соң қамауға алынған. Екі белсенді өздеріне тағылған айыпты теріске шығарып, "саяси сипаты бар" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG