Accessibility links

Ресей мен Түркия президенттері Сирия туралы сөйлескен


Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Түркия президенті Режеп Ердоған. Гуанчжоу, Қытай, 4 қыркүйек 2016 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Түркия президенті Режеп Ердоған. Гуанчжоу, Қытай, 4 қыркүйек 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Түркия президенті Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Сириядағы Алеппо қаласы және сол елдегі жалпы жағдайды талқылаған. Бұл туралы ақпарат Кремльдің ресми сайтында жарияланды.

ТАСС Ресей мен Түркия президенттері арасындағы телефон әңгімесі Анкараның бастамасы бойынша өткені туралы хабарлады.

Бұған дейін Мәскеу Түркия тарабынан президент Ердоғанның түрік армиясының оппозициялық «Сирия азат армиясымен» бірлесіп биыл тамызда Сирия аумағында бастаған «Евфрат қалқаны» операциясы Сирия президенті Башар Асадты биліктен тайдыруды көздейтіні туралы мәлімдемесіне қатысты түсінік талап еткен еді. Ресей Башар Асадты Сирияның заңды билігі деп біледі және оған қолдау танытады.

Қарашаның 29-ы күні түркиялық Hurriyet Daily News басылымы Режеп Ердоғанның Түркия қарулы күштері Сирияға Башар Асадты биліктен кетіру мақсатымен кірді деп айтқан мәлімдемесін жариялаған.

XS
SM
MD
LG