Accessibility links

Еуропол ИМ жаңа шабуылдар жасауы мүмкін деп ескертті


Гаагадағы Еуропа Одағы полициясының кеңсесі.
Гаагадағы Еуропа Одағы полициясының кеңсесі.

Еуропа Одағының полициясы (Еуропол) "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары Ирак пен Сирияда АҚШ бастаған ИМ-ге қарсы операцияларға қатысып жатқан елдерде жаңа шабуылдар жасауы мүмкін деп ескертті.

Еуропол 2 желтоқсанда жариялаған есебінде Еуропада террористік шабуыл жасай алатын бірнеше ондаған адам болуы мүмкін екенін айтады.

Есепте өткен екі жылда Франция мен Бельгияда болған шабуылдар содырлардың күрделі шабуылдарды сәтті түрде жоспарлап, жасай алатынын көрсеткені айтылған. Еуропол сонымен қатар Еуропада көлікке жасырылған бомбаны жару әдісімен де шабуыл жасалуы мүмкін екенін айтады.

Еуропа полициясы содырлар бұрынғыдай полиция қызметкерлері мен әскерилерді ғана емес, енді бейбіт тұрғындарды да нысанаға алуға көшкен дейді. Бұған 2015 жылы қарашада Парижде түнгі клуб пен футбол стадионына жасалған шабуылдар мысал бола алады.

XS
SM
MD
LG