Accessibility links

АҚШ конгресі Пентагонға Ресеймен әскери ынтымақтастық орнатуға тыйым салды


АҚШ конгресі ғимараты. (Көрнекі сурет.)
АҚШ конгресі ғимараты. (Көрнекі сурет.)

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы 2017 жылға арналған қорғаныс бюджеті туралы құжат қабылдады. Конгресс сайтында жарияланған құжатта Ресеймен екіжақты әскери ынтымақтастықты қаржыландыруға тыйым салынатыны айтылған.

Мәскеу аннексиялап алған Қырым түбегін Украинаға қайтармайынша және Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдауды тоқтатпайынша қорғаныс саласындағы шектеулер күшінде болмақ. Құжатта аталған тыйымды алып тастау үшін Ресей Минскіде жасалған келісім шарттарын орындауы қажет екендігі айтылған.

Мәскеу Украина құрамындағы Қырым түбегін 2014 жылы көктемде аннексиялап алған. Кейін Украинаның шығысында үкімет пен ресейшіл сепаратистер арасында қарулы жанжал басталған.

Халықаралық қауымдастық пен Украина Мәскеуді Донбастағы сепаратистерге қолдау көрсетіп отыр деп айыптайды. Ресей өз қарулы күштерінің Украинаның шығысындағы жанжалға қатысы барын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG