Accessibility links

Германияда студент қыздың қазасына күдікті 17 жастағы босқын ұсталған


Германиядағы Фрайбург қаласының көрінісі.
Германиядағы Фрайбург қаласының көрінісі.

Германияға босқын болып келген ауғанстандық 17 жастағы бозбала жергілікті университетте білім алған студент қызды зорлаған және өлтірген деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы желтоқсанның 3-і күні Фрайбург қаласының полициясы мен прокуратурасы хабарлаған. Олардың сөзінше, күдікті қылмыс орнында табылған ДНК арқылы анықталған және сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Билік өкілдерінің айтуынша, Германияға 2015 жылы Ауғанстаннан ересектерсіз жалғыз өзі жұртқа ілесіп келген бозбала неміс отбасында тұрып жатқан.

Фрайбургте қазанның 16-сы күні өзен жағасынан табылған 19 жастағы қыздың мәйітін тексеру нәтижесінде оның суға тұншығып мерт болғаны анықталған.

Биліктің мәлімдеуінше, қаза тапқан студент пен қылмысқа күдіктінің арасында ешқандай байланыс болмаған.

XS
SM
MD
LG