Accessibility links

Сібірдегі жол апатында кем дегенде тоғыз бала қаза тапты


Ханты-Мансийск автономиялық округінде болған жол апаты. Ресей, 4 желтоқсан 2016 жыл.
Ханты-Мансийск автономиялық округінде болған жол апаты. Ресей, 4 желтоқсан 2016 жыл.

Ресейдің Ханты-Мансийск автономиялық округінде жол апатынан 12 адам, оның ішінде балалар акробатика құрамасында болған тоғыз бала қаза тапты. 4 желтоқсанда 29 бала мен үш ересек адам отырған автобусқа жүк көлігі келіп соқтығысқан. Жолаушылар Нефтеюганск қаласына басқа қалада болған жарыстан қайтып келе жатқан.

Жол апатынан жүк көлігі жүргізушісінің қаза тапқаны, я тірі қалғаны әзірге белгісіз. Жол апатына ауа-райының әсер еткені де әзірге беймәлім. Бұл аймақта ауа температурасы Цельсий бағаны бойынша -17 градусты құрайды. Ресей президенті Владимир Путин округ басшысы Наталья Комаровамен телефонмен сөйлескенінде құрбандардың отбасыларына көңіл айтты. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің құрбан болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуге бұйрық бергенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG