Accessibility links

Италия: Маттео Ренци референдумнан соң отставкаға кетеді


Маттео Ренци, италия премьер-министрі. Рим, 4 желтоқсан 2016 жл.
Маттео Ренци, италия премьер-министрі. Рим, 4 желтоқсан 2016 жл.

Италия премьер-министрі Маттео Ренци бүгін елде конституциялық реформалар жасау әрекеті сәтсіздікке ұшырағанын мойындап, өзінің отставкаға кететінін мәлімдеді.

Еуропа Одағымен ынтымақтастық қолдайтын Ренци отставкаға кететіні туралы 5 желтоқсанға қараған түні, референдумда өзі ұсынған үкіметке экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша құзырет беретін саясаты қолдау таппаған соң жариялады. Италияда 4 желтоқсанда өткен референдумның алдын ала нәтижелері бойынша, сайлаушылардың көпшілігі Ренцидің заңдарға ұсынған өзгерістерін қабылдамаған.

Бұл дауыс беру мен Ренцидің отставкаға кетуі Италияда саяси тұрақсыздықтың қайта басталуына себеп туындатады. Референдум қорытындысы Италияда банк секторындағы дағдарысты қайта бастап, еуро қолданылатын аймақтарда жаңа қаржы дағдарысына әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұған дейін Италияның оппозицияшыл партиялары Италияны еуро қолданылатын аймақтан, я Еуропа Одағы құрамынан шығару үшін үкіметті отставкаға жіберу қажетін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG