Ұлыбритания үкіметі 5 желтоқсанда елдің Жоғарғы сотынан Brexit келіссөзін бастау үшін парламенттің мақұлдауын алуы тиіс деген шешімін жоюды сұрамақ.
Өткен айда Жоғарғы сот үкіметтің Еуропа Одағын (ЕО) құру туралы Лиссабон келісімінің одақ құрамынан шығу жөніндегі 50-бабын формалды түрде өз бетінше іске асыруға құзіреті жоқ деген шешім шығарған. Үкімет қорғаушылары сот шешіміне апелляциялық шағымда келіссөзді бастауға британдықтардың 23 маусымдағы референдумда ЕО-дан шығуды қолдап дауыс беруінің өзі жеткілікті деген уәж айтпақ.
Апелляциялық сот шешімі қаңтарда шығады деп болжанып отыр.
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй парламенттің дауыс беруі өзінің 2017 жылғы наурыздың соңына қарай елдің ЕО-дан шығу келіссөзін бастау жоспарын бұза алмайтынын мәлімдеді.
23 маусымда өткен референдумда британдықтардың 52 пайызы елдің ЕО-дан шығуын қолдап дауыс берген.