Accessibility links

Шавкат Мирзияев Өзбекстан президенті болып сайланды


Шавкат Мирзияев президент сайлауында дауыс беріп тұр. Ташкент, 4 желтоқсан 2016 жыл.
Шавкат Мирзияев президент сайлауында дауыс беріп тұр. Ташкент, 4 желтоқсан 2016 жыл.

Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 4 желтоқсанда өткен мерзімінен бұрын президент сайлауында президент міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевтің сайлаушылардың 88 пайыздан астам даусын жинап жеңіске жеткенін хабарлады. Мирзияев қыркүйектің басында президент Ислам Каримов қайтыс болған соң уақытша президент болған кезде сарапшылардың көпшілігі оны елдің болашақ басшысы болады деп болжай бастаған.

ОСК басшысы Мирза-Улугбек Абдусаломов бұған дейін сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 87,83 пайызы - 20 миллион сайлаушының 17,9 миллионнан астамы қатысқанын хабарлаған.

Мирзияевтан өзге үш кандидат та билікті қолдайтын саяси ұйымдардан ұсынылғандар: Өзбекстан халықтық-демократиялық партиясынан Хотамжон Кетмонов, "Милли тикланиш" ("Ұлттық жаңғыру") партиясынан Сарвар Отамурадов және "Адолат" социал-демократиялық партиясынан Наримон Умаров.

Өзбекстандағы сайлауға бақылау жасаған ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқығы бюросы (ДИАҚБ) 5 желтоқсандағы сайлау "елдің барлық саласында күрделі реформалар жүргізу қажеттігін көрсетті" деп мәлімдеген.

2003 жылдан бері премьер-министр болған 59 жастағы Мирзияев бұған дейін Ислам Каримовтің саясатын жалғастыратынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG