Accessibility links

Ресейде ақпараттық қауіпсіздік доктринасы қабылданды


Владимир Путин, Ресей президенті.

Ресей президенті Владимир Путин елдің ақпараттық қауіпсіздігі доктринасын бекітті. Доктринада кейбір шет мемлекеттер "әскери мақсатты көздеп, Ресейге ақпараттық ықпал етуді күшейтіп жатқаны" айтылады. Құжат 6 желтоқсанда ресми құқықтық ақпарат сайтында жарияланған. Жарлық қол қойған күннен күшіне енеді. Осыған дейін 2000 жылы қабылданған ақпараттық қауіпсіздік доктринасы күшін жойды деп танылды.

Доктринада қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі бағыттардың бірі "ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде туындауы мүмкін әскери жанжалдардың алдын алу" екені айтылады. Мемлекеттің доктринаны қабылдаудағы стратегиялық мақсаты "ақпараттық кеңістікте жанжалсыз қарым-қатынас жасау жүйесін" қалыптастыру делінеді. Құжатта шетелдік БАҚ-та Ресейдің мемлекеттік саясатын бір жақты бағалайтын ақпарат көлемі артып бара жатқаны айтылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG