Accessibility links

Асанов: Өзін өртеген әйел мәселесімен жеке айналысамын


Жақып Асанов, бас прокурор.
Жақып Асанов, бас прокурор.

Бүгін Қазақстан бас прокуроры Жақып Асанов кеше Астанада өз-өзін өртеген әйелдің мәселесімен "жеке өзі айналысатынын" мәлімдеді. Жақып Асанов өз-өзін өртеу оқиғасын "жантүршігерлік оқиға" деп атады.

- Адамдар мұндайға жергілікті жерде өзін тыңдамаған соң барады. Қазір оның жедел сауығуын күтіп отырмыз. Мүмкіндігінше көмектесіп, мүдделілік танытамыз. Бірақ алдын ала оның ісіне қатысты шешім заңсыз деп айтқым келмейді. Қалай дегенмен де, сот үкім шығарған. Біз мұның барлығын мұқият қараймыз, - деді Асанов.

Бас прокуратура 6 желтоқсанда Астанада М.Рысманова есімді әйел прокуратураның тексеру-өткізу пунктінде денесіне бензин шашып, өз-өзіне от қойғанын хабарлаған. Ресми мәлімет бойынша, 1968 жылы туған әйелдің өз-өзін өртеуіне 1988 жылы туған ұлы Е.Ахметовті соттауға қарсылық себеп болған. Прокуратура қызметкерлері өртті өшіріп, жедел жәрдем шақырған. Денесін күйік шалған әйел ауруханаға жатқызылған.

XS
SM
MD
LG