Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қашаған мұнай кенішінің ресми ашылу салтанатына қатысты деп хабарлады жергілікті агенттіктер. Бүгін бұдан бұрын президенттің баспасөз қызметі Назарбаевтың мұнай саласының өкілдерімен және мұнай компанияларының басшыларымен кездесу үшін Атырауға жұмыс сапарымен барғанын хабарлаған.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, кездесуде энергетика министрі Қанат Бозымбаев жыл соңына дейін бір миллион тонна, келесі жылы 8,9 миллион тоннаға дейін мұнай өндіру жоспарланып отырғанын мәлімдеген.
Қашағаннан коммерциялық мақсатта мұнай өндіріле бастағаны туралы энергетика министрлігі өткен айда хабарлаған.
Қашаған кеніші Каспий теңізінің қазақстандық секторында - Атыраудан 80 километр қашықтықта орналасқан. Кеніш 2000 жылы ашылған. Қазақстан билігі кеніште 4,8 миллиард тонна мұнай, триллион текше метрден артық табиғи газ қоры бар деп бағалайды. Қашағанды құрамына "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мен шетелдік бірнеше компания кіретін NCOC консорциумы игеріп жатыр.