Accessibility links

Voice Project басшысы Путиннің Сенцов туралы сөзіне наразы


Олег Сенцов, Ресейде сотталған украиналық режиссер.
Олег Сенцов, Ресейде сотталған украиналық режиссер.

Америкалық Voice Project құқық қорғау ұйымының жетекшісі Хантер Хини Ресейде сотталған украиналық режиссер Олег Сенцовқа қолдау білдірді. Хини Хантер Ресей президенті Владимир Путинге жазған ашық хатында Путиннің "Сенцов өмірін террористік іс-қимылдарға арнады" деген сөзіне наразылық білдірді.

Хини Ресейде диссиденттердің, әсіресе суретшілердің жалған айыппен қамалуы, оларды жалған, әділетсіз түрде соттау әдеттегі іске айналғанын айтады. Оның пікірінше, Путин - "еркіндік үшін күрескер болып көрінгісі келетін тиран".

Хини хатында Путиннен Олег Сенцовті ақтауды сұрайды.

2 желтоқсанда Путин президенттің тіл және мәдениет кеңестерінің бірлескен отырысында Сенцовтің шығармашылығы үшін емес, тергеу органдары мен соттың ұйғарғанындай "өмірін террористік іс-қимылдарға арнағаны" үшін сотталғанын мәлімдеген. Путин 20 жылға сотталған Сенцовтің босауы үшін "жағдаят туындауы" керегін айтқан.

Батыстық құқық қорғаушылар Қырымда "террористік топ" құрды деп айыпталған Сенцовтің сотталуына алаңдайды. Сенцов жазасын Якутияда ауыр жағдайда өтеп жатыр.

Voice Project Олег Сенцовтің жазасын жеңілдетуге күш салып жатыр. Таяуда Сенуцовті қолдау кампаниясына киноактер Джонни Депп қосылған.

"Мемориал" құқық қорғау ұйымы Сенцовті саяси тұтқын деп таныған.

XS
SM
MD
LG