Accessibility links

АҚШ "Роснефть" акциясын жекешелендіру келісімін тексереді


Джош Эрнест, Ақ үйдің баспасөз хатшысы
Джош Эрнест, Ақ үйдің баспасөз хатшысы

Ақ үй АҚШ Ресейдің мемлекеттік "Роснефть" мұнай компаниясының 11 миллиард долларға тең үлесін жекешелендіру туралы келісімге америкалық санкциялардың қатысы бар-жоғын тексеретінін мәлімдеді. Осы аптада жарияланған келісім бойынша, компанияның 19,5 пайыз акциясы құрамына Швейцарияның Glencore компаниясы мен Катардың ұлттық әл-ауқат қоры кіретін консорциумға өтеді.

Вашингтон 2014 жылы Ресейге Украинадан Қырым түбегін заңсыз аннексиялап, Донбастағы сепаратистерді қолдағаны үшін санкция салған. Бұл шаралар Ресейге ұзақ мерзімге ниесие беруді және "Роснефть" компаниясына өнеркәсіпте қолданылатын бірқатар технология түрлерін жеткізуге шектеу қойғанымен, акциямен сауда жасауға тыйым салмайды.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнесттің хабарлауынша, АҚШ қаржы министрлігінің санкцияларды түзуге және енгізуге жауапты мамандары бұл келісімді мұқият зерттейді. "Олар келісім шарттарын зерттеп, оларға санкцияның қаншалықты ықпал ететінін анықтайды" деді Эрнест.

XS
SM
MD
LG