Accessibility links

Трампты Ресейге қарсы санкцияны жұмсартпауға шақырды


Дональд Трамп, АҚШ-тың жаңа сайланған президенті.
Дональд Трамп, АҚШ-тың жаңа сайланған президенті.

АҚШ конгресінің жиырмадан астам сенаторы болашақ президент Дональд Трампты Ресейге Украинаға қатысты саясаты үшін салынған санкцияларды жұмсартпауға шақырып, үндеу жасады. Үндеуге 27 демократ пен республикашыл сенатор қол қойған. Олар сонымен қатар Трампты Киевке қару-жарақ жеткізуге рұқсат етуге де шақырады. Өкілеттігі аяқталатын президент Барак Обаманың әкімшілігі Украинаға қару-жарақ экспорттауға рұқсат беруден бас тартқан.

"Ресей агрессиясын жалғастырып, Украинаның территориялық тұтастығы мен өз тағдырын өзі шешу құқығын құрметтеуден әлденеше рет бас тартып жатқан тұста біз АҚШ-ты Украинаға саяси, экономикалық және әскери қолдауын күшейтуге тағы да шақырамыз" делінген үндеуде. Хатты жөнелтуден бірнеше сағат бұрын конгресс қорғанысқа қатысты ауқымды заң жобасын мақұлдаған. Онда Киевке миллиондаған доллардың әскери көмегін беру қарастырылған.

20 қаңтарда қызметіне кірісетін Трамп Мәскеумен қарым-қатынаста барынша ымырашыл саясат ұстануға ниетті екенін білдіріп, НАТО-ның келешек қызметіне күмән келтірген.

XS
SM
MD
LG