Accessibility links

Каирде бомба жарылысынан 6 полицей қаза тапты


Каир көшелерінде жүрген полиция жасағы, Египет (Көрнекі сурет).

Каирде полицияның тексеру-өткізу пунктінде болған жарылыстан алты полиция қызметкері қаза тауып, үшеуі жараланды.

Reuters-дің арнайы қызметтегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Пирамидаларға баратын көшеде болған жарылыстан тағы төрт бейбіт тұрғын жараланған. Қоқыс жәшігіне жақын жерде бомба жарылғанда полицейлер көлікте және көліктің жанында тұрған.

Жарылыс жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Египетте бұған дейін болған шабуылдардың көпшілігін радикалды исламшылдар мойнына алған.

Египетте 2013 жылы әскерилер президент, "Мұсылман бауырластығы" қозғалысының өкілі Мухаммад Мурсиді оған қарсы халық толқулары кезінде биліктен тайдырған соң шабуылдар күшейген.

Египет билігі 8 желтоқсанда Мурсидің ұлын "зорлық-зомбылыққа арандатты" деген айыппен қамаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG