Accessibility links

Балқаштық 8 тұрғын терроризмге қатысты сотталды


Терроризмге қатысты сот. Қарағанды, 9 желтоқсан 2016 жыл.

Қарағандыда судья Қайрат Қасымов төрағалық еткен сот 8 адамды "Қазақстанда теракт жасауды және Балқаш қаласындағы ресейлік әскери қалашыққа шабуылдауды жоспарлады" деген айыппен соттауға үкім етті.

Сот Ерлан Үсенов пен Бауыржан Спанбетовті - 14 жылға, Думан Үсенов пен Кеңес Ташмухамбетов және Қайыр Үсеновті - 12 жылға, Мұрат Махмұтовты - 11 жылға, Нұрбол Қалашбаев пен Бақытжан Абдықошовты 10 жылға соттады. Сот олардың заңсыз не қылмыстық жолмен тапқан мүліктерін тәркілеуді бұйырды.

Арнайы қызмет сотталған азаматтарды "радикал топ мүшелері" деп сипаттайды. Үшеуінің ғана тұрақты жұмысы болған, бәрінің кәмелетке толмаған балалары бар, жастары 26-46 аралығындағы сотталушылар - Балқаш қаласының тұрғындары.

Биыл 26 маусымда Балқаш қаласында күдікті топты ұстау кезінде олардың бірі өзін-өзі жарып жібергенін, қалғандары ұсталғаны хабарланған. Ресми мәлімет бойынша, бұл топ Қарағанды облысындағы Балқаш қаласында және Гүлшат елді мекенінде қолға түскен.

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG