Accessibility links

Роттердамда сот терроризмге күдіктіні тұтқындау туралы шешім шығарды


Голландиялық полиция қызметкрелері арнайы операция кезінде, Роттердам, Нидерланд, 27 наурыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Голландиялық полиция қызметкрелері арнайы операция кезінде, Роттердам, Нидерланд, 27 наурыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Нидерландтың Роттердам қаласында жұма күні сот терроризмге күдікті адамды қамауда қалдыру туралы шешім шығарды.

Желтоқсанның 7-і күні ұсталған ол адам террористік шабуылға дайындалған деген күдікке ілінген. Оның пәтерін тексеру барысында Калашников автоматы, жарылғыш зат пен «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы туының суреті табылған.

Бұған дейін Франция, Бельгия және Германияда жасалған бірнеше шабуылдардан кейін Нидерланд үкіметі террорлық қауіп-қатерге сақтық шараларын күшейткен.

Нидерланд Сирия мен Иракта «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы әскери әуе операцияларын жүргізіп жатқан терроризмге қарсы АҚШ жетекшілік ететін коалицияны қолдайды.

XS
SM
MD
LG