Accessibility links

Сирияда жихадшылар Пальмираны қайта басып алмақ ниетте


Жихадшылар ойрандаған Пальмира ұлттық мұражайында. 2 сәуір 2016 жыл.
Жихадшылар ойрандаған Пальмира ұлттық мұражайында. 2 сәуір 2016 жыл.

Сирияда исламшыл жихадшылар ежелгі Пальмира қаласын қайта басып алуға тырысып жатыр.

Араб бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік желілерде хабарлауынша, Пальмира маңында Сирияның үкімет әскері мен «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы жасағы арасында шайқас жүріп жатыр. Ежелгі тарихи қалаға тағы да жихадшылар қолына өту қаупі төніп тұрғаны айтылады.

Биыл наурыз айында үкімет әскері Пальмирадан жихадшыларды ығыстырып, қаланы бақылауына алған.

2015 жылы мамырда Пальмираны басып алған соң «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының содырлары ондағы ежелгі заманғы тарихи ескерткіштерді қиратып, бульдозермен таптаған.

XS
SM
MD
LG