Accessibility links

Маңғыстауда Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алды

2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алу шарасына жиналғандар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 10 желтоқсан 2016 жыл.
2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алу шарасына жиналғандар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 10 желтоқсан 2016 жыл.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы маңындағы Теңге ауылында бүгін 2011 жылғы желтоқсанда мұнайшылардың наразылық жиынын күшпен тарату кезінде қаза болған құрбандарды еске алу шарасына жүздеген адам қатысты. Теңге ауылы маңында Жаңаөзен оқиғасы құрбандары жерленген зират бар.

Жаңаөзен құрбандарын еске алу шарасын «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы құрамындағы «Бұрғылау-жөндеу басқармасы» кәсіпорны ұжымы ұйымдастырған.

Еске алу шарасына Жаңаөзен қаласында 2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні бірнеше айға жалғасқан мұнайшылар ереуілін күшпен тарату кезінде қару оғынан қаза тапқандардың туған-туыстары да қатысты. Ұйымдастырушылардың бірі белсенді Нұрлыбек Нұрғалиевтің айтуынша, еске алу асына кәсіподақ ұйымы екі жарым миллион теңге бөлген.

«Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге» қатысқан деген айып бойынша сотталып, түрмеде отырып шыққан мұнайшылар белсендісі Шабдол Өткелов наразылықты күшпен басу кезінде қаза тапқандардың туыс-туғандарын жұма күні арнайы жеке шақырып, марқұмдарға құран оқытылғанын айтты.

- Қазірге дейін адамдар қолдан келгенше көмек беріп жатыр. Олардан түскен қаржыны қаза болған бауырларымыздың отбасына бөліп береміз, - деді Шабдол Өткелов.

2011 жылы Жаңаөзен қаласында мұнайшылардың наразылық шеруін күшпен тарату кезінде полиция қолданған қару оғынан кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Халықаралық демократиялық қауымдастық Қазақстан үкіметінің іс-әрекетін айыптап, қантөгістің мән-жайын анықтау үшін толық және әділетті тергеу жүргізуге шақырған.

Жаңаөзен құрбандарын еске алу шарасынан фоторепортаж:

Жаңаөзен құрбандарын еске алу

Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына берілетін асқа келе жатқан әже. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы. 10 желтоқсан 2016 жыл.
1/10 Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына берілетін асқа келе жатқан әже. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы. 10 желтоқсан 2016 жыл.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында мұнайшылар наразылығын полицияның күшпен басуы кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасына жүздеген адам қатысты.
Асқа келгендер бір*бірімен төс түйістіріп амандасып жатыр. 
2/10 Асқа келгендер бір*бірімен төс түйістіріп амандасып жатыр. 
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында мұнайшылар наразылығын полицияның күшпен басуы кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасына жүздеген адам қатысты.
2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алу шарасына жиналған адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 10 желтоқсан 2016 жыл.
3/10 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алу шарасына жиналған адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 10 желтоқсан 2016 жыл.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында мұнайшылар наразылығын полицияның күшпен басуы кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасына жүздеген адам қатысты.
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқан Аманбек Тұрғанбаев пен Рахат Көшеровтың аналары Алтын Көшерова (сол жақта) мен Раушан Әлібаева.
4/10 2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқан Аманбек Тұрғанбаев пен Рахат Көшеровтың аналары Алтын Көшерова (сол жақта) мен Раушан Әлібаева.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында мұнайшылар наразылығын полицияның күшпен басуы кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасына жүздеген адам қатысты.
Суретте сол жақтан бірінші тұрған - 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғсы кезінде аяғынан оқ тиіп жараланған Дүйсен Нұров. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы. 10 желтоқсан 2016 жыл.
5/10 Суретте сол жақтан бірінші тұрған - 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғсы кезінде аяғынан оқ тиіп жараланған Дүйсен Нұров. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы. 10 желтоқсан 2016 жыл.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында мұнайшылар наразылығын полицияның күшпен басуы кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасына жүздеген адам қатысты.
Шетпе ауылы тұрғыны Сегізбай Әнес (солдан оңға қарай), Жаңаөзенде 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада балаларынан айырылған Төрехан Тұрғанбаев, Алтын Көшерова, Раушан Әлібаева, Рая Юсупова, Маңғыстау ауданы Жармыш ауылы тұрғыны Жәнібек Төлегенов қаза болғандарды еске алып отыр. Теңге ауылы, Маңғстау облысы, 10 желтоқсан 2016 жыл.
6/10 Шетпе ауылы тұрғыны Сегізбай Әнес (солдан оңға қарай), Жаңаөзенде 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада балаларынан айырылған Төрехан Тұрғанбаев, Алтын Көшерова, Раушан Әлібаева, Рая Юсупова, Маңғыстау ауданы Жармыш ауылы тұрғыны Жәнібек Төлегенов қаза болғандарды еске алып отыр. Теңге ауылы, Маңғстау облысы, 10 желтоқсан 2016 жыл.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында мұнайшылар наразылығын полицияның күшпен басуы кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасына жүздеген адам қатысты.
Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алу шарасына ас әзірлеп жатқан адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы. 10 желтоқсан 2016 жыл.<br />
7/10 Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алу шарасына ас әзірлеп жатқан адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы. 10 желтоқсан 2016 жыл.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында мұнайшылар наразылығын полицияның күшпен басуы кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасына жүздеген адам қатысты.
Жаңаөзенде 2011 жылғы желтоқсанда болған оқиғада қаза тапқандарға құран бағыштап отырған адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 10 желтоқсан 2016 жыл.
8/10 Жаңаөзенде 2011 жылғы желтоқсанда болған оқиғада қаза тапқандарға құран бағыштап отырған адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 10 желтоқсан 2016 жыл.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында мұнайшылар наразылығын полицияның күшпен басуы кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасына жүздеген адам қатысты.
Жаңаөзен оқиғасы құрбандарының зираты басында құран оқып отырған адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы. 10 желтоқсан 2016 жыл.
9/10 Жаңаөзен оқиғасы құрбандарының зираты басында құран оқып отырған адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы. 10 желтоқсан 2016 жыл.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында мұнайшылар наразылығын полицияның күшпен басуы кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасына жүздеген адам қатысты.
Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алуға жиналғандар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 10 желтоқсан 2016 жыл.
10/10 Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алуға жиналғандар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 10 желтоқсан 2016 жыл.
Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында мұнайшылар наразылығын полицияның күшпен басуы кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасына жүздеген адам қатысты.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG