Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында мұнайшылар наразылығын полицияның күшпен басуы кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасына жүздеген адам қатысты. Құрбан болғандардың рухына құран бағышталып, ас берілді.
Жаңаөзен құрбандарын еске алу

1
Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына берілетін асқа келе жатқан әже. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы. 10 желтоқсан 2016 жыл.

2
Асқа келгендер бір*бірімен төс түйістіріп амандасып жатыр.

3
2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алу шарасына жиналған адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 10 желтоқсан 2016 жыл.

4
2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқан Аманбек Тұрғанбаев пен Рахат Көшеровтың аналары Алтын Көшерова (сол жақта) мен Раушан Әлібаева.
Пікіріңіз
Оқырман пікірлері